28 мая 2024 03:05
Количество просмотров: 1202
2024 жылдың 28 мамыры күні «Мектепке дейінгі педагогика және арнайы пәндер» пән бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес «Ұлттық құндылықтар- тәрбие көзі» тақырыбында «Шебер қолдар» шеберлік сағаты мен «Ұлттық ойын құралдары» көрмесі ұйымдастырылды.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушылары түрлі ұлттық нақыштағы құралдармен «Ұлттық керуен», «Дана қоржын», «Этнокуб», «Бестемше», «Қазан асық», «Ханталапай», «Асық дөңгелек» сынды ойындар ойынатылып, жеңімпаздарға тәтті сыйлықтар берілді.