5 ноября 2024 03:11
Количество просмотров: 1337
2024 жылдың 4 қараша күні «Әр жас топтарында тәрбиешінің дербес әрекеті» байқау практикасының барысында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайының тәрбиешілеріне «Сандық технология - сапалы білім негізі» тақырыбында оқу орнымыздың «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс білім алушылары Мұхаметкәрімова Ақбота, Низамиева Зейнеп (Жетекшісі: С.Е.Тюлекпаева) ынтымақтастық шеберлік сағатын өткізді.
Машықкерлер аталған шеберлік сағатында «Top IQ», «Жасанды интеллект» заманауи платформаларын қолдана отырып, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жан-жақты дамытуға, тәрбиешілердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, жаңа идеялар мен тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік беретінін көрсете алды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілген шеберлік сағаты үшін балабақша-бөбекжайының басшысы және ұжымы колледж әдіскері мен машықкерлеріне алғыстарын білдірді.