13 ноября 2025 02:11
Количество просмотров: 264
2025 жылдың 13 қарашасында колледж студенттері қазақ халқының көрнекті ғалымы, зерттеушісі, ағартушысы және саяхатшысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына арналған «Шоқан — ғалым, зерттеуші, ағартушы» атты іс-шаралар циклінің салтанатты ашылуына қатысты.
Ашылу рәсімі О.Бөкей атындағы кітапханада өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана тарапынан Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған кітап көрмесі мен фотостенд ұйымдастырылып, оның шығармашылық қызметі туралы бейнематериал ұсынылды.
Сонымен қатар қатысушылар «Шоқан — ағартушы және ғылым әлемі» атты онлайн-викторинаға қатысып, өз білімдерін бағамдау мүмкіндігіне ие болды.