26 февраля 2026 08:02
Количество просмотров: 56
2026 жылдың 26 ақпаны күні Қырығызстан Республикасы, Бішкек қаласындағы Таштан Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық институтының 60 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында оқу орнымыздың оқытушылары мен білім алушылары онлайн форматта өткен «Оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәсілдер» атты Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Халықаралық конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей Федерациясының жоғары оқу орныдары мен колледж студеттері жиналды.
Шараның ашылу салтанатында колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ф.С. Курманов сөз сөйлеп, екі оқу орны арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, конференция қатысушыларына сәттілік пен ізгі ниетін білдірді.
Конференция барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, студенттер Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей Федерациясындағы оқыту мен тәрбиелеудегі иннофациялық тәсілдерді ортаға салып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.