Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Халықаралық Қарттар күні

Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей Международный День пожилых людей

1 октября 2024 01:10

Количество просмотров: 904


1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды.

Осы мереке қарсаңында оқу орнымызда жылдағы игі дәстүр бойынша талай жыл жемісті еңбек етіп, өскелең ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу ісіне зор үлестерін қосқан ардагер-ұстаздарды, сонымен қатар тазалық пен жайлылықты қамтамасыз еткен жұмыскер-ардагерлерімізді салтанатты құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.

Колледж директоры т.ғ.к. Ф.С.Курманов бүгінгі күнгі барлық құрмет, шынайы тілек пен ақ ниет ардагерлерге арналатындығын айтып, ардагер ұстаздарды халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Іс-шара барысында   қонақтар студенттердің мерекелік концертін тамашалады. Сондай-ақ мереке күніне орай колледждің кәсіподақ төрайымы Ж.О.Даутова ардагерлерге сыйлық таратып, мерекемен тұспа-тұс келіп отырған мерейтой иелеріне құттықтау хаттар табыстады. Кеш соңында қазыналы қарттарымызды колледж ұжымы дастарқан басында тәтті-дәмділермен күтті. Дастарқан басына жиналған қарттар өнегелі әңгімелері мен жылы лебіздерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.