27 мая 2024 02:05
Количество просмотров: 1832
2023-2028 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК стратегиялық даму жоспарына сәйкес колледждер арасында педагогикалық білім беру саласында ұзақ мерзімді іскерлік және шығармашылық байланыстар орнату, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату мақсатында, 2024 жылдың 22-23 мамыр аралығында Қырғыз республикасы Бішкек қаласының «Таштан Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық колледжі» арасында еларалық ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Сондай-ақ колледж делегациясы Қырғыз елінің оқу орнында өткізілген ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибе алмасып, ой бөлісті.
Ынтымақтастық аясында білім беру, ғылыми зерттеулер саласында өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітілді.