16 мая 2025 02:05
Количество просмотров: 481
«Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ ұйымдастыруымен «Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында 2025 жылдың 16 мамыры күні колледж студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақ пен өңір жастары үшін ерекше қауіп төндіретін есірткі құралдарының зиянын түсіндіру.
Кездесу барысында студенттердің жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді пайдалануы, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі заттарын пайдалану және өткізу фактілерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Сағатбек Мальтугелов, облыстық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық қызмет бөлімінің басшысы Гүлмира Кискина, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ консультанты Эльмира Нурсеитова қатысты.