11 апреля 2023 04:04
Количество просмотров: 2770
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ... деп өткен ғасырдың басында ақын жырлағандай, рухы күшті, жігерлі жас буын үшін алынбайтын қамал жоқ екенін колледжіміздің жалынды жастары тағы бір мәрте дәлелдеді.
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 2023 жылдың 10 сәуірінде «Жас ғалым – жарқын болашақтың баспалдағы» тақырыбында ғылым жолында кемел белестерді бағындырған жалынды жастардың форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу пәндері бойынша белгілі ғылым саласы бағытында зерттеу, шығармашылық, тәжірибе, іс-әрекет білімі мен іскерлігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ойын (интеллект) дамытуға ұмтылдыру болып табылады.
Форум аясында талантымен танылған, көшбасшылық қасиеттерімен таңқалдырған, жігерімен жалындаған жастар тың идеяларымен бөлісіп, білімді оңтайландыруда қолдануға ұтымды әдістемелерін ұсынды.