Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Мы - против коррупции Мы - против коррупции

23 октября 2021 05:10

Количество просмотров: 2197

Колледж жастары қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерімен белсенді күрескерлер болып табылады. Колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды насихаттауға көп көңіл бөлінеді.

2021 жылдың 20 қазанында колледж студенттері «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саналы ұрпақ-Мәңгілік ел болашағы» облыстық жастар слет – форумына қатысты. «Саналы ұрпақ» жобасы аясындағы шараларға белсене қатысып, берік азаматтық ұстаным танытқаны және студенттер арасында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосқан үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті Алғыс хатымен «Тіл және әдебиет» бөлімінің 4 курс студенті Ғинаятова Зарина марапатталды.

Сондай-ақ, 1 курс студенті Лаптева Дарья ШҚО колледждерінің бірінші курс студенттері арасында «Саналы ұрпақ» ерікті клубының қатарына қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы жұмысына адалдығы туралы ант берді және клубтың төсбелгісін алды.