Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Колледждегі Жаңа жыл

Новый год в колледже Новый год в колледже Новый год в колледже Новый год в колледже Новый год в колледже Новый год в колледже Новый год в колледже

30 декабря 2022 03:12

Количество просмотров: 1508

Жаңа жыл - ғажайып сәтке толы уақыт. Бұл Жылдың ең маңызды сиқырлы мерекесі. Жаңа жылда тілектер орындалатын уақыт! Сондықтан болар, бұл мерекені ересектер де, балалар да бәрі жақсы көреді және қуанышпен атап өтеді. Колледж жыл сайын бұл мерекені мерекелейді.

2022 жылдың 28 желтоқсанында колледж еріктілері колледж қызметкерлерінің балаларына театрландырылған қойылым ұйымдастырды. Ертегілердің кейіпкерлері балалардың алдында шын мәнінде жүргендей әсер қалдырды: Аяз Ата мен Ақшақар, қоян, өткен жылдың символы – Барс және басқа да ертегі кейіпкерлері болды. Кешке Студенттер үйінің тұрғындары - студенттер комитетінің мүшелері Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен түрлі жарыстар мен қойылымдар ұйымдастырып, ұмытылмас кеш өткізді.

29-30 желтоқсан - колледждің барлық студенттері мен қызметкерлеріне арналған мерекелік сыйлық болды. Студенттердің кәсіподақ комитетінің балмұздақтары бәріне ұнады. Аяз Ата мен Ақшақар өздерінің «Көмекші достарымен» бірге жаңа жылға сыйлық сыйлады. Колледждің жетім студенттері де назардан тыс қалмады, олардың әрқайсысына жаңажылдық тәттілер табысталды.

Жаңа жыл жаңа табыстарға, жаңа бастамаларға толы болып, жақсылығымен келсін!