23 июня 2026 04:06
Количество просмотров: 50
Еуропалық білім беру қорының (European Training Foundation, ETF) DARYA SCAFFOLD бағдарламасы аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан іріктелген 61 педагог сертификатталған тренер ретінде халықаралық бейджге ие болды.
Оқу орнымыздың оқытушылары Г.С. Сапарғалиева мен Ж.О. Даутова халықаралық бейдж иегері атанып, кәсіби шеберліктерін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Бұл жетістік олардың жоғары кәсіби құзыреттілігін, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана білетінін және халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізуге дайын екенін айғақтайды.
Аталған жетістік оқытушыларымыздың кәсіби әлеуетін әлемдік деңгейде танытып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және Еуропаның білім беру кеңістігімен ықпалдасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.