Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Облыстық олимпиада

Областная олимпиада Областная олимпиада Областная олимпиада Областная олимпиада Областная олимпиада Областная олимпиада

27 апреля 2023 03:04

Количество просмотров: 2820


2023 жылдың 27 сәуірі күні «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті» КЕАҚ Жоғары колледжінде Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған педагогика пәнінен облыстық олимпиада өтті.

Олимпиадаға педагогикалық мамандықтар бойынша ТжКБ студенттері қатысты. Байқау – командалардың өзін-өзі таныстыруы (презентация және теориялық кезең), «Педагогикалық диктант» теориялық тур, педагогикалық тақырыпта эссе, педагогикалық жағдаяттарды шешу, «Insight», «Микрозерттеу» сияқты кезеңдерден тұрды. Олимпиадаға қатысушылардың өзін-өзі таныстырудың ерекшелігі, педагогикалық ұстанымның мәнерлілігі, актерлік шеберлік, жанрлардың әртүрлілігі, сөйлеу уақытының регламентке сәйкестігі т.б. критерийлері бойынша бағаланды.

Олимпиада қорытындысы бойынша колледжіміздің «Абай қырандары» командасы І орын (Жетекшісі: Педагогика пәнінің оқытушысы Е.Д.Слямханова), «Новое поколение» командасы ІІ орынды (Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы Н.М.Полякова) иеленді.

Жеңімпаз студенттерді және жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!