29 октября 2024 04:10
Количество просмотров: 1424
2024 жылғы 29 қазанда ШҚО Білім басқармасы және Өскемен жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Республика күніне арналған облыстық колледж студенттері арасындағы «Менің елім – Қазақстан!» атты пікір-сайыс турнирі өткізілді.
Турнирдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы дебат қозғалысын дамыту бойынша жобалық кеңсе сарапшысы - Нүркен Дәулет Қайратұлы қатысып, Шығыс Қазақстан колледждерінің студенттеріне еліміздегі пікір-сайыс қозғалысын дамытуға үлес қосқандары үшін алғысын білдірді.
Облыстық дебат турнирі қазақ тілінде өтті. Пікір-сайысқа 10 колледжден 54 студент қатысты.
Пікір-сайыс турнирінде оқу орнымыздың «Шетел тілі» мамандығының 3-курс студенттері (22-ШТ-1 тобы) Шәріпханова Ақбота I орын, Жумабай Маржан, Марғарапова Алина III орынды иеленді.
Жеңімпаздар басқарма дипломдары мен арнайы кубоктермен марапатталды.