5 марта 2025 03:03
Количество просмотров: 666
Ағымдағы жылдың 5 наурызы күні Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» ұйымдастыруымен «Абайдың Тоғжаны» облыстық байқауы өтті.
Аталған шараға колледжіміздің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенті Нұрланқызы Шұғыла қатысып, ІІІ орынды және «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі» біліктілігінің 1-курс студенті Абилмажинова Аяулым қатысушы сертификатын иеленді.
Байқау қыздардың әсемдік пен білімділікке деген талпыныстарын арттырып, қыз бала бойынан табылуға тиісті ұлағатты қасиеттерді дәріптеуге арналды. Байқауға қатысушы арулардың ұлы Абайдың көңіл түкпірінде мәңгі мұнартып қалған Тоғжан бейнесін жеткізіп, өз өнерлерін әр қырынан таныта білуіне мән берілді.