Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Облыстық әдістемелік коучинг

Областной методический коучинг Областной методический коучинг Областной методический коучинг Областной методический коучинг Областной методический коучинг Областной методический коучинг Областной методический коучинг Областной методический коучинг

3 марта 2023 04:03

Количество просмотров: 1350


2023 жылдың 03 наурызы күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы аясында КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямовтың туғанына 95 жыл толуына орай   «Ізден, үйрен, жас маман» облыстық әдістемелік коучинг өткізілді.

Коучингті ШҚО КББ орталығы, Абай атындағы ШҚГК ұйымдастырды.

Коучинг мақсаты: Жас мұғалімдердің үздіксіз білім берудегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету, озық  тәжірибелермен танысып, жаңа технологияны үйрену, практикада қолдануға ықпал ету.

Оқу орнымыздың оқытушылары әртүрлі тақырыптарда шеберлік сағаттарын өткізді. Атап айтсақ, «Өз - өзіңді танысаң - істің басы» танысу тренингі Н.Ж.Омарова., М.Т.Даутова психология, педагогика пәнінің оқытушылары, «Ақпараттық технологияларды оқу–тәрбие үрдісінде қолдану» А.А.Касенова., С.Буконева информатика және арнайы пән оқытушылары, «Педагогика пәніндегі модельдеу әдісі»   Ж.Е.Жайлибаева., А.Е. Бекшойнова педагогика және арнайы пән оқытушылары.

Коучингке облыстан 24 жас маман қатысты.

Іс-шараның қорытындысы ретінде «Ізден, үйрен, жас маман» облыстық әдістемелік коучингіне кері байланыс жасалды.