Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Облыстық семинар

Областной семинар Областной семинар Областной семинар Областной семинар Областной семинар Областной семинар Областной семинар Областной семинар Областной семинар Областной семинар

6 марта 2024 04:03

Количество просмотров: 152


06 наурыз 2024 жылы оқу орнымызда «LESSON STADY – ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ» облыстық практкиалық оқу семинары өтті.

         Семинардың мақсаты: «Сабақты зерттеу» үдерісі барысында ынтымақтастықтағы оқытушылардың топтағы іс-әрекетті зерттеу нәтижелерімен бөлісу, оқыту әдістемесін жетілдіру.

Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері, оқытушылары (мемлекеттік және орыс тілінде) қатысты. Семинардың инновациялық алаңында колледж директоры, т.ғ.к. Ф.С.Курманов тұлғасындағы «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» және «Педагогикалық шебердік орталығы» жеке меншік менеджерлері арасында үздіксіз ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. ПШО мамандары Д.А. Адильжанова, В.С. Пак, К.К.Бурунбетова «lesson stady – оқытуды басқару және бақылаудың тиімді тәсілі» тақырыбында баяндама жасады.

Семинардың екінші бөлімі практикалық алаңда жалғасын тапты.

Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика, тілдер бірлестігінің оқытушылары Lesson stady үдерісі бойынша бірлескен өзара қарым-қатынаста көрсеткіш сабақтарын ұсынып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, зерттеу сабақтарының кезеңдерімен таныстырды.  

Облыстық семинарға қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, қонақтар өз кезегінде алғыстарын білдіріп, өздерінің тәжірибелерінде қолданғысы келетіндіктерін айтты.