14 апреля 2023 04:04
Количество просмотров: 1303
14 сәуір 2023 жылы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы аясында «Ғылым шеруі» онкүндігі жоспарына сәйкес оқу орнымызда «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ және денешынықтыру пәндерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Денешынықтыру сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Мақсаты: жаңа педагогикалық идеяларды практикада қолдану, денешынықтыру сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалану. Семинар-практикумға ТжКБ оқу орындарының оқытушылары қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың екінші бөлімінде оқу орнымыздың денешынықтыру оқытушысы А.К.Мергенбаева «Фитнес Worldskills элементтерімен» шеберлік сағатын көрсетті. Сонымен қатар қатысушы-қонақтар колледждің материалдық базасымен танысты.