11 апреля 2025 02:04
Количество просмотров: 748
2025 жылдың 11 сәуірі күні оқу орнымыз ынтымақтастық аясында ШҚО Марқакөл ауданы, Жалпы білім беретін «№ 1 Марқакөл орта мектебі» мұғалімдерімен «Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдау баспалдағы» тақырыбында әдістемелік керуен ұйымдастырды.
Әдістемелік-керуен мақсаты: озық тәжірибемен бөлісу, сандық білім беру ресурстарын практикада қолдану, оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік тәжірибе алмасу.
Іс-шара барысында директордың ІТ жөніндегі орынбасары Слямова Эльмира Сериковна «Виртуалды ассистенттер және чат-боттар: оқытушының күнделікті жұмысын оңтайландыру», информатика пәнінің оқытушысы Касенова Айша Амангелдыевна «Интерактивті оқу: Оқушылардың белсенділігін арттыру және ақпаратты визуализациялау тәсілдері», биология және арнайы пәндер оқытушысы Болгибаева Акмарал Бекболатовна, физика, информатика пәндер оқытушысы Рақыметдолла Мәулітбек «Бастауыш сыныптың жаратылыстану пәнінде зерттеу құралдарын қолдану арқылы тәжірибелік жұмыстарды жүргізу» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізді.
Аталған мектептің 9-11 сынып оқушыларына «Кәсіптік бағдар» жұмыстары жүргізіліп, кері байланыс жасалды.