Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Онлайн-родительское собрание

Онлайн-родительское собрание Онлайн-родительское собрание Онлайн-родительское собрание Онлайн-родительское собрание

18 июня 2026 07:06

Количество просмотров: 8

Бүгін Zoom платформасында 1–3 курс студенттерінің ата-аналарымен колледж директоры, т.ғ.к. Ф.Курмановтың және оқу орны әкімшілігінің қатысуымен онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысты колледж директоры Ф.Курманов ашып, кіріспе сөз сөйлеп, ата-аналар мен колледж арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар оқу жылының қорытындылары мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер туралы ақпарат берді.

Күн тәртібінде студенттердің жазғы кезеңдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, студенттердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және 1-курс студенттерінің алдағы оқу жылындағы білім алуына қатысты мәселелер қаралды.

Оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары оқу жылының қорытындылары, студенттердің үлгерімі, аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері, сондай-ақ келесі оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат берді.

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары студенттердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау, судағы қауіпсіздік, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, интернет қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу және бос уақытты пайдалы өткізу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға тиісті ұсыныстар берді.

Жиналыс барысында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, студенттердің қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына бағытталған мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Білім беру үдерісіндегі ынтымақтастығы мен қолдауы үшін ата-аналарға алғыс білдіреміз. Студенттерімізге қауіпсіз, мазмұнды әрі пайдалы жазғы демалыс тілейміз!