16 января 2024 05:01
Количество просмотров: 159
2023 жылдың 16 қаңтары күні «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік педагогтен бір тілек» тақырыбында онлайн-вебинары өтті. Вебинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Мақсаты – үздік педагогтердің тәжірибесімен танысу, шығармашылық ізденісті арттыру.
Вебинардың тәжірибелік алаңында колледждің педагогика және арнайы пәндер оқытушысы, педагогика магистрі, педагог- шебер, «Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпазы Бекшойнова Айсулу Еркинбековна «Кәсіби өсу және өзгеріс» тақырыбында баяндама оқып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар Астана қаласы «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі» өндірістік оқыту шебері, «Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпазы Халиди Күнсұлу Амантайқызы, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің «Арнайы электромеханикалық және техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы. «Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпазы Жузбаев Нариман Кумисбекович, Алматы облысы Қарасай ауданы Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі, Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпазы Оразәлі Гулина қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық әдістемелік орталығының ТжКБ басшысы Исаханова Шынар Кабиевна вебинарды қорытындылады.