30 марта 2025 02:03
Количество просмотров: 975
2025 жылдың 30 наурызында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің «Арыстар Аманаты» пікірсайыс клубы колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында қалалық пікірсайыс өткізді. Турнирде талқыланатын негізгі тақырыптар: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру», «Қазақстан жастары», «Экологиялық проблемалар», «Қазақстан экономикасы», «Мамандық – сенімділік кепілі» және басқалар.