Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Білім алушылар арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ.Бітібаева атындағы колледжішілік олимпиада

По казахскому языку и литературе среди обучающихся  Внутриколледжная олимпиада имени К. Битибаевой По казахскому языку и литературе среди обучающихся  Внутриколледжная олимпиада имени К. Битибаевой По казахскому языку и литературе среди обучающихся  Внутриколледжная олимпиада имени К. Битибаевой По казахскому языку и литературе среди обучающихся  Внутриколледжная олимпиада имени К. Битибаевой По казахскому языку и литературе среди обучающихся  Внутриколледжная олимпиада имени К. Битибаевой По казахскому языку и литературе среди обучающихся  Внутриколледжная олимпиада имени К. Битибаевой По казахскому языку и литературе среди обучающихся  Внутриколледжная олимпиада имени К. Битибаевой

20 сентября 2023 11:09

Количество просмотров: 1207

2023 жылдың 20 қыркүйегі күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» ПТК-ның ұйымдастыруымен білім алушылар арасында Қ.Бітібаева атындағы колледжішілік олимпиада өткізілді. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессоры Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның атына жыл сайын ұйымдастырылатын бұл олимпиаданың болашақ мамандарды даярлаудағы, шығармашылық әлеуетін арттырудағы маңызы өте зор.

        Олимпиадаға 1 және 2 курс білім алушылары қатысты, мақсаты білім алушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дарынды білім алушыларды анықтау және дамыту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы студенттері арасында өткізілетін Қ.Бітібаева атындағы ІІ Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне іріктеу жасау болды.

        Олимпиада екі кезеңнен тұрды: біріншісі – жазбаша (эссе), екіншісі – ауызша. Әділқазылар шешімімен І орын иеленген Заманбекова Ақерке (22-бб-1 тобы) облыстық кезеңге жолдама алды. Марғарапова Алина (22-шт-1 тобы) 2 – орын жүлдегері атанса, 3-орынды – Дәулетпекова Айым (22-бб-1 тобы) иеленді.

Бүгінгі олимпиаданың барша қатысушыларына алғысымызды білдіре отырып, жеңімпаздарды білім додасындағы жеңістерімен құттықтаймыз! Ал Ақеркеге тек сәттілік тілейміз!