18 октября 2024 04:10
Количество просмотров: 1546
Салауатты өмір салтын насихаттау және асоциалды мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 14-18 қазан аралығында колледж білім алушылары үшін «Толыққанды жеке тұлға» тақырыбында медициналық-психологиялық және әлеуметтік құқықтық әңгіме өткізілді.
Колледж фельдшері М. Ж. Омарова жеке гигиена, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу туралы толық ақпарат берді. Педагог-психологтер Г. К. Сағатова, А. Е. Сәрсенбаева девиантты және деликвентті мінез-құлықтың (буллинг, лудомания, суицид) алдын алу туралы баяндама жасады.
Үлбі полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Д.М.Жаксыбаева жастардың негізгі құқық бұзушылықтары және олар үшін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.