25 февраля 2025 07:02
Количество просмотров: 1241
2025 жылдың 25 ақпаны күні «Педагогика және психология» пән бірлестігі апталығы аясында «Асқар Ислямовтың ұстаздық келбеті» атты танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты – Асқар Ислямовтың педагогикалық мұрасы мен ұстаздық қызметін таныстыру. Оның білім саласына қосқан үлесін насихаттау. Жастарды ұстаз еңбегін құрметтеуге, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Танымдық сағатқа оқу орнымыздың 1-курс студенттері (24-ББ-1, 24-ФК-1, 24-МД-1, 24-ШТ-1 топтары) белсене қатысты.
Қатысушылар Асқар Ислямовтың ұстаздық қызметі туралы мағлұмат алды. Білім беру саласындағы үлгі тұтар тұлғаларға деген құрмет артты. Болашақ педагогтар мен оқушылардың білімге деген ынтасы күшейді. Қоғамда мұғалім мәртебесін көтеруге ықпал етті.