10 ноября 2025 02:11
Количество просмотров: 153
2025 жылдың 11 қарашасы күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес оқытушы Г.Т.Бакетаева ұйымдастыруымен «Сауаттылық – «Нұрлы Ақылдың» көрсеткіші: Абай және жазу емлесі мәдениеті» тақырыбында колледж оқытушыларына арналған практикалық семинар өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Абайдың тіл мәдениеті мен жазу сауаттылығы туралы ойларына тоқталып, қазіргі қазақ орфографиясындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, дұрыс жазу, сөйлеу және құжаттарды сауатты рәсімдеу жолдары бойынша практикалық тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар оқытушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, кәсіби шеберлігін жетілдіруге және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге зор үлес қосты.
#ҚазақТілі #АбайМұрасы #Сауаттылық #ТілМәдениеті #БілімБерудеЖаңашылдық #ҚазақӘдебиеті