25 июня 2025 09:06
Количество просмотров: 1490
2025 жылдың 25 маусымынан бастап оқу орнымыздың 2025-2026 оқу жылына Қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.
Құжаттарды электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы немесе колледжге келіп тапсыруға болады. Талапкерлерге 4 мамандық пен 4 колледжді таңдап, бір уақытта құжат тапсыру мүмкіндігі берілген.
Мамандықтар бойынша құжат қабылдау 25 маусым мен 10 тамыз аралығында өтеді. Шығармашылық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан 20 шілдеге дейін.
Сондай-ақ колледжге қабылдау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота көзделген. Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық порталында танысуға болады.
Ғасырдан аса тарихы бар ұстаздар шеберханасына айналған оқу орны Сіздерді асыға күтеді!
Колледж мекенжайы: Бітібаева көшесі,1