26 марта 2025 03:03
Количество просмотров: 1098
2025 жылдың 26 наурызы күні колледждің комплаенс офицері, директордың ТІ жөніндегі орынбасары Ж.С.Джуманазарова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау» тақырыбында дәріс өткізді.
Жанар Сагаладиновна педагогтерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор У.Сарқұлов мырзаның Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Г.Т.Қойшыбаевқа жазған хатымен таныстырды. Хатта соңғы 3 жылда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, комплаенс офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзудың салдарын еске салды.