23 февраля 2023 03:02
Количество просмотров: 1627
Құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында колледжде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. 2023 жылғы 20-22 ақпан аралығында Абай атындағы ШҚГК студенттер үйінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, әкімшілік және Қылмыстық кодекстердің негізгі баптары, жазалау шаралары және жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың салдары (бопсалау, алаяқтық, ұсақ бұзақылық, темекі шегу, алкоголь және есірткі заттарын пайдалану, дұрыс емес жерден жолдан өту және т.с.с.) сияқты өзекті тақырыптарға тоқталып, толққанды ақпаратр берілді. Сондай-ақ, полицейлер соңғы уақытта интернет-алаяқтық, бопсалау жағдайларында өзін қалай ұстау керектігін хабардар етті. Сонымен қатар, терроризмнің алдын алу мақсатында көшеде, үй-жайларда күдікті заттар табылған кездегі іс-қимылдар туралы нұсқаулық берілді.
Колледж әкімшілігі жатақханада тұру ережелерінің негізгі талаптарын, студенттердің құқықтары мен міндеттерін, көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шараларын атап өтті. Әлеуметтік-психологиялық қызмет «Менің мінез-құлқым - менің тағдырым!» тақырыбында әңгімелесу жүргізді, онда өзара сыйластық, толеранттылық, өзара қолдау, девиантты мінез-құлықтың салдары, қорқыту мәселелері қозғалды. Бұл қызмет студенттерге үнемі қол ұшын беруге әзір екендіктерін айты. Колледж фельдшері өз кезегінде жеке гигиена, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, аурулардың алдын алу негіздері жайлы айтып берді.