Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Педагогикалық-психологиялық консилиум

Психолого-педагогический консилиум Психолого-педагогический консилиум Психолого-педагогический консилиум

29 ноября 2024 04:11

Количество просмотров: 915


Ағымдағы жылдың 21-29 қараша күндері оқу орнымыздың 1-курс білім алушылары бойынша педагогикалық-психологиялық консилиум өткізілді.

Педагогикалық-психологиялық консилиум мақсаты – білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және әлеуметтік-психологиялық дамуларына бағытталған психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.

Педагогикалық конуилиум барысында 1-курс кураторлары өз топтарына жалпы сипаттама берді.

Педагог-психологтар Г.К.Сагатова мен А.Е.Сарсенбаева білім алушылардың алғашқы психологиялық диагностикалау нәтижелерімен таныстырса, колледж фельдшері М.Ж.Омарова білім алушылардың денсаулық жағдайымен және бөлім меңгерушілері (Г.М.Ахметкалиева, Г.С.Сапаргалиева, А.Н.Нурбараков, Г.А.Аймуханбетова) бірінші аттестация қорытындысын айтты.

Сондай-ақ оқытушылар өз пәндері бойынша әрбір топтың білім деңгейі бойынша талдау жасап, өз пікірлерін білдірді.

Педагогикалық консилиум қорытындысы бойынша ұсыныстар айтылып, ары қарай жұмыс жасауға арналған тапсырмалар жүйесі құрылды.