Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Аймақтық ғылыми-практикалық конференция

Региональная научно-практическая конференция Региональная научно-практическая конференция Региональная научно-практическая конференция Региональная научно-практическая конференция

20 мая 2025 02:05

Количество просмотров: 1036


2025 жылдың 20 мамыры күні ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы-драматург, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Қалихан Ысқақовтың 90 жылдығына арналған «Қарасөздің қас шебері – Қалихан» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылығын және әдебиет әлеміне қосқан асыл мол мұрасын зерттеу, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, шығармашылыққа жаны құмар адамдардың озық тәжірибелерін тарату.

Іс-шараға жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері, филология ғылымдарының кандидаттары, докторлар, білім магистрлері қатысты.

Аталған конференцияда оқу орнымыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, білім магистрі, «Үздік педагог – 2024» республикалық байқауының жеңімпазы, педагог-зерттеуші Ж.Н. Акимбаева спикер болып, пленарлық отырыста «Қ.Ысқақ – көркемсөз өнерінің қас шебері» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.