28 апреля 2025 05:04
Количество просмотров: 615
28 сәуір 2025 жылы «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжі базасында ТжКОББ ұйымдарының студенттері арасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған педагогика пәнінен аймақтық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – білім алушылардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, болашақ мамандардың зерттеушілік, инновациялық құзыреттіліктерін арттыру.
Оқу орнымыздың «АБАЙ VISION» командасы жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Команданы және оның жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз.