15 ноября 2025 02:11
Количество просмотров: 241
2025 жылдың 15 қарашасында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Ашық есік» күні аясында волейболдан аймақтық турнир өтті.
Аталған жарысқа оқу орнымыздың волейболдан құрама командасы қатысып, жоғары спорттық дайындық пен кәсіби шеберлікті көрсетті. Жаттықтырушы А.Н.Нубараковтың жетекшілігімен команда барлық кезеңдерде тұрақты ойын нәтижесін көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша І орынды жеңіп алды.
Бұл жетістік – оқу орнының спорттық бағыттағы жүйелі жұмысының, сондай-ақ команда мүшелерінің жауапкершілігі мен жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі.
Колледж командасын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!