Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» республикалық зияткерлік ойыны

Республиканская интеллектуальная игра «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» Республиканская интеллектуальная игра «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» Республиканская интеллектуальная игра «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» Республиканская интеллектуальная игра «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» Республиканская интеллектуальная игра «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» Республиканская интеллектуальная игра «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» Республиканская интеллектуальная игра «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы»

18 октября 2024 03:10

Количество просмотров: 902


18.10.2024 жылы Абай облысының ішкі саясат тапсырысы негізінде «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті республиканың оқу орындары студенттерінің арасында «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» атты бірінші республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік ойынын ұйымдастырды.

Зияткерлік ойынның мақсаты – Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығыи арқылы адалдық, әділдік, парасаттылық сынды қасиеттерді жастардың бойына сіңіру, қатысушыларды бірлікке, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, интеллектуалды орта құру.

Зияткерлік ойын әдеби квест пен куиз ойындарынан тұрды. Квест Семей қаласы мен Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені аралығында өткізілді. Зияткерлік ойыны қазақша куиз ойынымен қорытындыланды.

Аталған зияткерлік ойынға республикамыздың 9 оқу орнынан командалар қатысып, бақ сынасты.

«Өткірдің жүзі...» атты командамыз зияткерлік ойынына белсене қатысып, алғысхат иеленді. Студент-жастарға ерекше көңіл-күй сыйлап, интеллектуалды орта қалыптасуына мүмкіндік берген, жоғары дәрежеде жоспарланған зияткерлік ойынның ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз. Қатысушылар тарапынан «Абай сөзі - әділдіктің темірқазығы» атты зияткерлік ойыны дәстүрге айналдырсақ деген ұсыныс білдірді.