Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Республикалвық олимпиада

Республиканская олимпиада Республиканская олимпиада Республиканская олимпиада Республиканская олимпиада Республиканская олимпиада

25 ноября 2022 01:11

Количество просмотров: 653

2022 жылдың 24-25 қараша аралығында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен колледжімізде Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиадасы өтті.

Мақсаты: Білім алушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұстаздық мамандыққа деген сүйіспеншілікті арттыру. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Олимпиадаға Қазақстанның 13 облысынан келген колледждердің         1-курс студенттері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша төмендегі жеңімпаздар анықталды:

І дәрежелі дипломның жеңімпазы - Рамазан Назерке Нұрланқызы, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогтік колледжі (100 000 теңге сертификат).

ІІ дәрежелі диплом жеңімпазы - Дәулетбек Жұлдыз Саветқызы, Ақмола облысы Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі (75 000 теңге сертификаты)

ІІІ дәрежелі диплом жеңімпаздары:

1.Жанат Сара, ШҚО Өскемен экономика және қаржы колледжі (25 000 теңге сертификаты)

2. Касимов Батырхан Бергалиұлы, Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі (25000 теңге сертификаты)

            Олимпиадаға бас демеуші болып, 100 000 (жүз мың) теңге сертификатын ұсынған Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорына, басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын Ғафуров Аслан Қабылбекұлына, Өскемен қаласы «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамы филиалының директоры Мендыбаева Зульфия Рашидовнаға және Қанипа Омарғалиқызының 1996, 2005 жылғы түлектеріне мың алғыс!

1996 жылғы түлектері атынан, Абай облысы әкімінің кеңесшісі, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Мәзбаев Талғат Оралханұлы, сондай-ақ авторлық сыныптың 2005 жылғы түлектері атынан Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық колледжі құзіреттілік орталық меңгерушісі Мұратбек Раушан Оралбекқызы 75 000 (жетпіс бес мың) теңгенің сертификатын, «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамы филиалының атынан «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамы Өскемен қаласы бойынша бөлімше директоры Нургазина Жанар Абусагитовна 50 000 (елу мың) теңге көлемінде сертификаттарды табыстады.

Олимпиада жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Келесі жылғы республикалық олимпиаданы 2 секцияға бөліп өткізу жоспарлануда, біріншісі - мемлекеттік тілде оқитын студенттер арасында, екіншісі – мемлекеттік тілде оқымайтын студенттер арасында.