13 декабря 2022 03:12
Количество просмотров: 586
Ағымдағы жылдың 4-11 желтоқсан аралығында Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының базасында WorldSkills Kazakhstan 2022 Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 30 негізгі құзырет бойынша 500-ден астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар қатысты.
Кәсіби шеберлік чемпионатына «Мектепке дейінгі білім беру» құзыреттілігі бойынша Бидахметова Балжан Ерланқызы, «Бастауыш білім беру» құзіреттілігі бойынша Советханова Жансая Әсетқызы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша Бидахметова Балжан Ерланқызы «Үздік маман» атанды, жетекшісі–Құдайбергенова Гүлмира Қабылхалыққызы.
Қатысушылар мен жүлдегерлерді Чемпионаттың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта сәттілік пен табыс тілейміз!