12 декабря 2024 01:12
Количество просмотров: 1040
Мақсаты – талантты және шығармашылық педагогтерді анықтау, педагог мамандығының беделін арттыру, бірегей педагогикалық тәжірибені тарата отырып, білім алушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, дарынды білім алушыларды анықтау, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білімдерін жетілдіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Байқауға Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен студенттері қатысады.
Байқаудың І және ІІ кезеңдері «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Бітібаева атындағы Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада жүлдегерлері:
І дәрежелі диплом Олжабай Бүркіт Жұматайұлы, Қарағанды облысы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі»;
ІІ дәрежелі диплом Асыл Сара Бақытжанқызы Түркістан облысы, «Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі»;
ІІ дәрежелі диплом Қажыкенова Дильназ Қайратқызы Абай облысы, «Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»;
ІІІ дәрежелі диплом Турдубекова Диляра Нурланқызы, Астана қаласы, Астана Халықаралық университеті педагогикалық колледжі;
ІІІ дәрежелі диплом Елемесова Альбина Нұрашқызы, Ақтөбе облысы, «Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі»;
ІІІ дәрежелі диплом Абутова Дильназ Самалқызы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі;
КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» байқауының жүлдегерлері:
І дәрежелі дипломы және 150.000 (жүз елу мың) теңге көлеміндегі сыйақы Аймуханбетова Гульназ Ахметовна, Шығыс Қазақстан облысы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;
ІІ дәрежелі диплом және 100.000 (жүз мың) теңге көлеміндегі сыйақы Абдикаримова Айнур Опабековна, Астана қаласы, Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;
ІІ дәрежелі диплом және 100.000 (жүз мың) теңге көлеміндегі сыйақы Жусупова Гульнур Айдаровна, Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;
ІІІ дәрежелі диплом және 50.000 (елу мың) теңге көлеміндегі сыйақы Майлыбаева Данагуль Нурдаулетовна, Ақтөбе облысы, Ойыл кәсіптік колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;
ІІІ дәрежелі диплом және 50.000 (елу мың) теңге көлеміндегі сыйақы Умирбаева Акжамал Нурмухановна, Алматы облысы, «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы;
ІІІ дәрежелі диплом және 50.000 (елу мың) теңге көлеміндегі сыйақы Шалибекова Галия Маратовна, Жамбыл облысы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы.
Республикалық сайыс қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!