Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Республикалық байқау

Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс Республиканский конкурс

28 февраля 2025 07:02

Количество просмотров: 855


2025 жылдың 27-28 ақпан күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен «Білім беру» саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіби шеберлік конкурсының республикалық кезеңі өтті.

Мақсаты: педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және дәріптеу.

Аталған байқауға оқу орнымыздың облыстық кезең жеңімпаздары Мұратова Асем Мұратқызы және Слямғалиева Назым Аблайханқызы қатысты.

Байқау нәтижелері бойынша республикамыздың 18 облысынан келген 36 қатысушының ішінен оқытушымыз Мұратова Асем Мұратқызы «Кәсіби шебер» номинациясымен марапатталды.

Колледж ұстаздарына аталған байқауға қатысып, белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!