15 марта 2025 04:03
Количество просмотров: 1136
2025 жылдың 15 наурызы күні Астана қаласында Жаңа Қазақстан Республикалық инновациялық орталығы және «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Жаңа Қазақстандық Патриотизм жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастарды креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында республикалық байқау өтті.
Байқауға оқу орнымыздан Орта Азия елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінің 2-курс студенті (23-бб-1 тобы) Арданбекқызы Арна «Орта Азияның үздік студенті» халықаралық байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды және «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 2-курс студенті (23-РЯ-1 тобы) Килымбеков Талгат Ермекулы «Қазақстан Республикасының 100 үздік студенті» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Үздік студенттерімізді абыройлы жеңістерімен құттықтаймыз!