28 марта 2025 02:03
Количество просмотров: 873
2025 жылдың 27-28 наурыз күндері «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен «WorldSkills конкурс жағдайында инновациялық бағыттарды трансформациялау» тақырыбында республикалық семинар-практикумы өтті.
Мақсаты: WorldSkills стандарттарына негізделген «BabySkills» және «DalaSkills» жобалары арқылы балалардың ерте жастан кәсіптік бағдарын айқындау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және инновациялық технологияларды қолдану (САПР технологиясы) тәжірибесін жетілдіру.
Семинар-практикумның «BabySkills» – ерте жастан мамандықтарға қызығушылықты дамыту» тақырыбындағы практикалық бөлімі оқу орнымыздың базасында өткізіліп, республиканың Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының арнайы пәндер оқытушылары, балабақша тәрбиешілері офлайн және онлайн форматтарында BabySkills жобасындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Колледжіміздің тәжірибелі оқытушылары (А.М.Кусайнова «BabyDalaSkills (5-6 жас) Қазақ халқының киіз өнері», А.А.Касенова «3D- дизайн») шеберлік сағаттарын өткізіп, семинар-практикум тақырыбы шеңберінде ойларын ортаға салды.
Іс-шараның екінші күні республикалық семинар-практикум қатысушыларына оқу орнымыздың материалдық-техникалық базасы таныстырылды.