20 сентября 2025 12:09
Количество просмотров: 211
2025 жылдың 20 қыркүйегінде колледжімізде білім алушылардың ата-аналарымен онлайн және офлайн форматта жиналыс өтті.
Жиын барысында колледж директоры т.ғ.к. Ф.С. Курманов, Үлбі полиция бөлімшесінің майоры Д. Жақсыбаева, оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Ж.А. Слямбекова және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Ж.С. Джуманазарова ата-аналарға маңызды ақпараттар ұсынып, оқу-тәрбие үдерісінің өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында білім алушылардың оқу жетістіктері, тәртіп пен тәрбиесі жөнінде әңгіме қозғалып, ата-аналардың сұрақтарына нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді.
Колледж әкімшілігі ата-аналардың белсенділігі мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді!