Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Ата-аналар жиналысы

Родительское собрание Родительское собрание Родительское собрание Родительское собрание

21 октября 2023 04:10

Количество просмотров: 292


21.10.2023 жылы оқу орнымызда 1-курс студенттерінің ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Ата-аналар жиналысы онлайн және офлайн форматта жүргізілді.

         Колледж директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ф.Курманов ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап,  колледж  бен ата-ана  арасындағы  байланысқа тоқталып, күн тәртібімен таныстырып, жиналысты ашты. Ата-аналарды ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақырды.

Жиналысқа Үлбі полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Д.М.Жаксыбаева және колледж медбикесі М.Ж.Омарова қатысып, білім алушылардың ата-аналарын қажетті ақпараттармен таныстырды.

Жиналыс барысында оқу-ісі жөніндегі директор орынбасары Ж.Слямбекова, тәрбие ісінің орынбасары Ж.Джуманазарова колледждің ішкі тәртіп ережелері, студенттің құқықтары мен міндеттері, ата-ана жауапкершілігі жайлы мәлімет берді. Колледж әкімшілігі оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Жалпы жиналыс аяқталғаннан кейін кураторлармен бекітілген аудиторияларда топ ата-аналарының жиналыстары өткізілді.