Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Ұлттық ойындар- бала тәрбиесі мен дамуының өзегі» семинары

Семинар «Ұлттық ойындар- бала тәрбиесі мен дамуының өзегі» Семинар «Ұлттық ойындар- бала тәрбиесі мен дамуының өзегі»

24 апреля 2025 01:04

Количество просмотров: 1297

2025 жылдың 23 сәуірінде №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайында «Ұлттық ойындар – бала тәрбиесі мен дамуының өзегі» атты қалалық семинар жоғары деңгейде өтті. Бұл шарада ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі орны мен маңыздылығы кеңінен талқыланды.

Семинарға арнайы шақыртылған қонақтар – ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Ерен Еңбек» медалінің иегері Шотаев Махсат Есенбекұлы және «Бестемше», «Бүк-шік», «Тектұрмас» ұлттық ойындарының авторы Полатбеков Жандос Аппазұлы болды. Олар ұлттық ойындарды балабақша деңгейінде қолдану тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға бағыт-бағдар берді.

Семинар аясында балабақша қабырғасында жаңа «Бәйтерек» ұлттық ойынының тұсауы кесілді. Бұл ойынның авторлары: Шотаев Махсат Есенбекұлы, балабақша директоры Ережепова Үміт Серікбекқызы, дене тәрбиесі нұсқаушысы Нұрлыбекқызы Айкерім және «Балауса» мектепалды тобының тәрбиешісі Ғазизханова Айдана Ертайқызы.

Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде педагогтер мазмұнды іс-әрекеттер көрсетті:

– Романова А.Р. мен Нүрсейтова А.Б. – «Экологиялық тәрбие» бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет,

– Шакеева Б.К. қазақ тілі маманы– «Шаңырақ» ойыны,

– Кабдуалиева Г.К. «Балдырған» ересек тобының тәрбиешісі– үстел үсті «Бестемше»,

– Ғазезова Б.Т. логопед – «Көңіл-күй бестемшесі»,

– Мақпозова Т.Д. бейнелеу өнері маманы– «Тұмар»,

– Нұрлыбекқызы А. дене тәрбиесі нұсқаушысы– алаңдағы «Бестемше» ойынын,

– Кайсенова А.К. дене тәрбиесі нұсқаушысы– «Бескеней» ұлттық ойыны.

Семинар қатысушылар үшін тың идеялармен, ұлттық құндылықтарды жаңғырту жолдарымен және тәжірибеге негізделген мазмұнмен ерекшеленді. Бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына үлес қосатын ұлттық ойындарды тәрбие үдерісіне енгізу – басты назарда екені тағы да дәлелденді.