25 апреля 2023 05:04
Количество просмотров: 1359
25.04.2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ-да өткен «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін дамытудың кепілі» атты аудандық семинар жұмысына «100 игі іс» акциясы аясындаколледждің әкімшілік-оқытушылық құрамы іс-тәжірибе алмасу, әдістемелік қолдау көрсету және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында қатысты.
Семинар барысында мектеп ұстаздары «Математика», «Әдебиеттік оқу» пәндерінен ашық сабақ өткізсе, колледж психологы Каликанова А.М. Глубокое ауданы ұстаздарына арнап «Мұғалімнің кәсіби жеке даралық құзыреттілігі» тақырыбында тренинг өткізді.
Сондай -ақ, мектептің 9,11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.