Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Университет пен колледж арасындағы ынтымақтастық

Сотрудничество между университетом и колледжем Сотрудничество между университетом и колледжем Сотрудничество между университетом и колледжем Сотрудничество между университетом и колледжем Сотрудничество между университетом и колледжем Сотрудничество между университетом и колледжем Сотрудничество между университетом и колледжем

4 июня 2021 12:06

Количество просмотров: 1387

2021 жылдың 03 маусымы күні кәсіптік бағдар беру мақсатында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да колледж түлектерімен кездесу өткізілді. Кездесуге ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Т.Байжуменова, колледж директоры Ф.С.Курманов, бөлім меңгерушілері, биылғы оқу жылының колледж түлектері қатысты.

Ректор өз кезегінде педагогикалық мамандықты алуға шақыра отырып, университеттің жетістіктері, болашағы туралы айтып өтті. Университет тарапынан ұйымдастырылған «Педагогикалық ассорти» интеллектуалдық сайыс жеңімпазы, колледж түлегі Рамазанова Балнұрға университет грантын және колледждің үздік студенті Алжанова Балнұрға білім грантын табыс етті.

Сонымен қатар Абайды ұлықтап, Абайға мүсін орнатқан Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі мен университет арасындағы ынтымақтастықты айта келе, колледж директоры Фархад Сақанұлын Абай төсбелгісімен марапаттады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы іс-шара барысында колледжіміздің бітіруші топ түлектерін С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім беру бағдарламаларымен, оқу мерзімдерімен, оқу ақыларымен таныстырды.