11 апреля 2026 08:04
Количество просмотров: 14
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында колледж директоры, оқытушылар мен студенттер туған қаламыздың көркеюі мен тазалығына өз үлестерін қосты.
2026 жылдың 11 сәуірі күні өткен қалалық сенбіліктер Самал саябағында, Протозанов көшесі бойындағы «Журавли» монументі маңында, сондай-ақ Өскемен теміржол вокзалы аумағында ұйымдастырылды. Бұл игі шаралардың барлығында студент-еріктілер белсенділік танытып, алдыңғы қатардан көрінді.
Сенбілік барысында қатысушылар аумақтарды қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Мұндай игі бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Тазалық – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Табиғатты аялау – болашаққа жасалған қамқорлық!