Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Апталықтың ашылу салтанаты

Торжественное открытие недели Торжественное открытие недели Торжественное открытие недели Торжественное открытие недели Торжественное открытие недели Торжественное открытие недели

23 февраля 2026 11:02

Количество просмотров: 53

 

2025 жылдың 23 ақпаны күні «Мектепке дейінгі педагогика және арнайы пәндер» пән бірлестігінің «Цифрлық педагогика және мектепке дейінгі білім: заманауи үрдістер мен кәсіби даярлық» тақырыбындағы апталығының ашылу салтанаты өтті.

Апталықтың мақсаты – цифрлық педагогика саласындағы заманауи үрдістерді талқылап, болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру.

Мазмұнды әрі әсерлі шараның шымылдығын №106 «Қарлығаш» балабақшасы бүлдіршіндері ашып, әсем өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Балалардың биі мен шығармашылық нөмірлері салтанатты кештің сәнін келтіріп, олардың сахнадағы сенімді қимылы мен шынайы көңіл-күйі көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Апталықтың ашылу салтанаты мазмұнды бастамаларға жол ашып, білім мен тәрбиені ұштастырған тағылымды шара ретінде өз мәресіне жетті. Бұл игі бастама болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, цифрлық педагогиканың заманауи бағыттарын терең меңгеруге және шығармашылық ізденістерін шыңдауға зор мүмкіндік береді.