16 мая 2024 03:05
Количество просмотров: 1957
2024 жылдың 16 мамырында колледждің Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан Свинчатка ауылындағы оқу-өндірістік базасында алғашқы әскери дайындықтарын шыңдап жатқан жас сарбаздардың оқу-далалық жиындарына Күршім ауданы бойынша шекара әскери қызметкерлері арнайы шақырылды.
Олар өз кезегінде белтемірге тартылу, жүз метр және үш мың метр қашықтықты бағындыру, атыс қаруынан нысана көздеуі сынды шараларды көрсетті.
Сонымен қатар студент жастарды әскери өмірдің алғашқы әліппесімен таныстырды, өздерінің саптық дайындықтарын көрсетті. Бұндай кездесу Қазақстанның болашақ отанқорғаушылары үшін керемет тағлымға толы, рухты кездесу болды десек болады.