13 мая 2024 04:05
Количество просмотров: 2192
2024 жылдың 13 мамырынан бастап колледждің Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан Свинчатка ауылындағы оқу-өндірістік базасында АӘД бойынша бес күндік оқу-далалық жиындар ұйымдастырылып өткізілуде.
Жиынның негізгі мақсаты – әскери тәртіпке баулу, қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқу-далалық жиын кезінде жасөспірімдердің тактикалық, саптық дайындықтары бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға басты назар аударылды. Әскери ойындар, спорттық жарыстар тағы басқа да іс – шаралар өткізіліп, оқушылар практика түрінде тәжірибе жинақтауда.