Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Оқу-далалық жиындар

Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы Учебно-полевые сборы

28 мая 2025 02:05

Количество просмотров: 477


Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждің Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан оқу-өндірістік базасында ТжКББ тарапынан «Жас сарбаз» алғашқы әскери және технологиялық даярлық курсы бойынша жиындар ұйымдастырылды.

Жиынның негізгі мақсаты – қарулы күштердің мәртебесін арттыру, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

2025 жылдың 12 мамырынан 30 мамыры аралығында өткен оқу-далалық жиынға облысымыздағы кәсіптік және техникалық білім беретін колледждердің студенттері қатысты. Оқу-далалық жиында студенттер алғашқы әскери даярлық пәнінен алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік алды. Әскери ойындар, спорттық жарыстар тағы басқа да іс – шаралар өткізіліп, оқушылар практика түрінде тәжірибе алды.

Оқу - далалық жиынды АӘД пәнінің ұйымдастырушысы А.Т.Оңалбаев және дене тәрбиесі пән бірлестігінң оқытушылары өткізді. Оқу - далалық жиынның өткізілу барысы колледж әкімшілігі және баспасөз орталығының бақылауында болды.