Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Ерлік сабағы

Урок мужества Урок мужества Урок мужества Урок мужества

18 сентября 2025 03:09

Количество просмотров: 230


Жастардың бойында Отанға деген мақтаныш сезімін, Отан қорғаушыларға құрметті, ерлік пен батырлықтың маңызын түсіну және елді қорғауға дайын болу қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 18 қыркүйек күні колледжде Ерлік сабағы өткізілді.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы-ұйымдастырушы Оналбаев Азамат Төлегенұлы әскери ерліктер мен батырлықтың тарихы туралы дәріс оқып, ерлік пен азаматтық борыштың құндылықтары жөнінде пікірталас жүргізді.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақ — ҚР ҰҚК ШҚО департаментінің тәрбие идеологиялық және кадр жұмыстар басқармасынын кадрлар бөлімінің офицері Бактияров Серикбол Кайратович – жастарға Қарулы Күштер қатарында қызмет етудің маңыздылығы мен азаматтық борыш туралы айтып, Отан қорғау — ұлттық сана-сезімді қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, әскери қызметтің артықшылықтары мен жастарға беретін мүмкіндіктері жайында ақпарат берді.

Сонымен қатар, ол әскери борышты өтеудің түрлі жолдары мен колледжді бітіргеннен кейін, оның ішінде әскери бағыттар бойынша оқу орындарына түсудің артықшылықтары туралы сөз қозғалды.